Балқашта ағылшын, қазақ тілін жұмыста отырып үйренуге болады

Қалада тіл үйренемін дегендерге барлық жағдай жасалуда. Тұрғындар мемлекеттік және ағылшын тілін жұмыстан қол үзбей оқып, үйрене алады. Ол үшін тілдер орталығына өтініш білдірсеңіз болғаны. Содан кейін ұстаздар сіздің қызмет ететін кеңсеңізге келеді.
Бүгін осындай сабақтардың бірі Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінде ұйымдастырылды. Онда оқытушылар ағылшын тілін меңгеруге өтініш беріп, тілдер орталығымен келісім-шартқа отырған. Енді алдағы үш ай бойы мамандар колледжге келіп, аптасына 5 рет 1 сағат 20 минуттан сабақ беретін болады. Жалпы, биылғы жылы осындай оқу тәсілі 20-дан аса оқу ордалары мен зауыт цехтарында жүргізілді. 240 адам білімдерін растайтын сертификаттарға ие болды.

Шынар Киканова- тілдер орталығының мұғалімі:

«Тілдер орталығының қызметкерлері күніне бір — екі сабақ өткізеді. Яғни, ол сабақ әртүрлі мекемелерде болуы мүмкін. Сол мекемелерге барады. Бұл тиімді. Себебі мекеменің қызметкерлері өз уақыттарын бос кетірмейді. Үш ай біткен соң тыңдаушылар бізде емтихан тапсырады».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать