Балқаш жаңалықтары 23.10.2018

1) Жол қозғалысы ережесін бұзу, автомобильді мас күйінде басқару сияқты әкімшілік істер енді кешкі уақытта қаралатын болады. Балқаш қаласында «түнгі сот» пилоттық жобасы жұмысын бастады.

2) Халықаралық мамандар Балқашта туризмді дамытпақ. Олар тіпті арнайы жоспар құрып қойған. Мәселен көл жағалауындағы 93 гектар жер курорттық аймаққа айналады. Бертыс және Қаракөл аумағындағы  600 гектар жерге туризмді дамытуға арналған нысандар салынады.

3) Балқашта тіл білемін деген тұрғындардың саны артуда. Жыл басынан бері 400 ге жуық балқаштық  тілдер орталығы ұйымдастырған курстарға қатысты. Соның ішінде  238 адам мемлекеттік  тілді, 141 адам ағылшын тілін үйренген.

4) Балқаштық жамағат үшін намазханалар саны көбеюде. Қалалық  мешітте намаз оқуға  арналған  жаңа  ғимарат   тұрғызылып жатыр. Енді  қақаған қыста  дін  үйіне намаз оқуға келіп, симай қалған азаматтар жаңа бөлмеде  құлшылықтарын  жасай алады.

5) Ұялы телефонын тіркемеген тұрғындар жаңа жылдан кейін байланыссыз қалады. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке тұлғалардың абоненттік құрылғыларын міндетті түрде тіркеу тәртібі қолданысқа енеді.

6) Үш балқаштық боксшы облыс біріншілігінде  чемпион  атанып,  тағы  үш бала қола мен  күмісті қоржынға салды. Облыс  біріншілігі 14  пен 15  жас  аралығында  өтті.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать