Балқашта көпқабатты үйде пәтер өртеніп, 25 адам эвакуциаланды. 20 шаршы метрлі қызыл жалынды ауыздықтау үшін 7 тоннадай су кетті.
Тілсіз жау Мұхамеджанов мөлтек ауданында болды. Кешкі сағат 8-дің шамасында бесінші қабаттан қара түтіннің будақтағанын көршілер көрген.Содан дереу бір-біріне айтып, өрт сөндірушілерге дабыл қағыпты. Алайда, олар келгенше іштегі жалын күшейіп, ашық отқа айналып үлгерген.
Лапылдап жанған жалыннан ең бірінші тұрғындар эвакуациаланды. Іштегі 25 тұрғын сыртқа шығарылды. Оның ішінде пәтерде қалып қойған 6 мен 1 жас аралығындағы үш баланы мамандар құтқарды. Ал 4 бөлмелі пәтердің 20 шаршы метрін жалмаған өртті сөндіру үшін 45 минут уақыт жұмсалды. 7 тоннадай су кетті. Барлық жиһаздар мен техникалардың күл-талқаны шықты. Бастысы ешкім зардап шеккен жоқ.Алдын-ала болжам бойынша алау разеткадан тұтанғанды.
Олег Грабовский-ТЖБ мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің басшысы:«Өрттің өршіп кетпеуіне пәтердің сыртқы есігі септігін тигізді. Ол өте мықты болып шықты.Үйде ешкім болмағандықтан оны біз сындырып кірдік.Ал қарама-қарсы пәтердегі балаларды анасы далаға шығарып үлгермегендіктен оларға біз көмектестік.Барлығы аман-есен. Ал жалынды сөндіру үшін 4 техника мен 17 маман жұмылдырылды».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login