Қоңырат м/а 2 үйдің құрылысы 80 % дайын

Қоңырат мөлтек ауданында қайтадан қалпына келтіріліп жатқан 2 үй 80 пайызға дайын. Тұрғындар жазда ыстық судан қол үзбес үшін ондағы пәтерлердің әрқайсысына бойлер орнатылған. Аулаға тренажерлар қойылыпты. Балалар ойнайтын алаң да бар.
Русаков көшесіндегі төрт қабатты үйде қазір электриктер жұмысы қызып тұр. Мамандар баспанаға жарық тартуға кіріскен. Ішкі жұмыстардан қалғаны осы. Басқасы аяқталған. Әр пәтерге пластикалық терезе орнатылған. Линолеум төселіп, кафель жабыстырылған. Ал жаздың күні қазандық жұмыс істемегенде үйде ыстық су болу үшін жуынатын бөлмелерге бойлер қойылыпты.

Саятек Мусин – құрылыс бөлімінің жетекшісі:
«Пәтерлер жалдамалы болады. Бір бөлменің 1 шаршы метрі 100 теңге. 1 бөлменің ауданы 31 шаршы метр болса 3100 теңге.
Тұрғындардың қаржысын үнемдеу мақсатында жертөлелерге автоматты жылу торабы орнатылған. Заманауи құрылғылар дала температурасына қарай үйдегі жылуды реттеп отырады.
Бұл үйлердің жертөлесі өте үлкен. Жауапты мамандар онда спорттық алаң жасауды ойластыруда. Қазір жоспар жасап, инвестор іздеуге кіріскен.
Бұл үйлердің жертөлелеріне, еденіне бетон құйылды. Биіктігі 2 метрден жоғары.  Теннис столдарын қоюға, жаттығатын тренажерлар қоюға спорт бөлімімен келісім жасалып жатыр.»

Айта өтейік, қаңырап бос тұрған төрт қабатты екі үйді қайта қалпына келтіру өткен жылдың желтоқсан айында қолға алынған еді. Ол үшін облыстық бюджеттен 300 млн теңге бөлінді. Қазір жергілікті билік тағы 100 млн сұрап отыр. Себебі үйдің төбесі сметалық құжатта көрсетілген арзан материалмен емес одан қымбатырақ, бірақ сапалы материалмен жабылған. Оның үстіне балалар және спорт алаңы салынып, тренажерлар орнатылды. Ал қоныс тойын тойлау желтоқсан айына жоспарланған.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать