Қарағанды облысы білім саласында жасалған жемқорлық фактілері бойынша елімізде үздік үштік қатарында.Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі осындай мәліметті жария етті.Орталықта 2018 жылдың басынан бері 4 жетекшіге қатысты 12 қылмыстық іс қозғалған. Оның ішінде 7 құжат сотқа жіберілді. Соңғы оқиғалардың бірі Қарағанды қаласында болды.Онда музыкалық мектеп директоры ыстық тамақпен қамтитын фирмадан 100 мың теңге пара алған. Ал қалған үш жетекші адамдарды жалған жолмен жұмысқа орналастырып, ақшаларын қалтарына басып жүргендері анықталды. Жалпы, 2015 жылдан бері облыстық білім саласында 40 қылмыстық іс қаралып, 13 тұлға сотталған.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login