Балқаштықтар халықаралық жоба мүшелерін Бектау-Ата тауындағы қызықты жерлермен таныстырды

Балқаштықтар «Жібек жол бойындағы сұхбат»  жобасының мүшелерін Бектау-Ата тауындағы  қызықты жерлермен таныстырды. Таудың ортасында орналасқан «қыспақ тасты» көрсетті. Бұл жерді осыдан 27 жыл бұрын Балқаш тұрғыны Оразғали Мұхаметжанов тапқан. Сырт көзге бір-біріне өте жақын орналасқан екі үлкен тастың арасында өткел бар екендігі бірден байқалмайды. Бүгін делегация мүшелері тәуекелге бел буып,  тар қамалдың арасынан өтті. Ешкім қыстырылып қалмады. Алайда, 1991 жылы бұл екі тастың ортасына арқардың қозысы қыстырылып қалған екен. Бұл жағдай жаңа орынның ашылуына себепші болды.

Оразғали Мұхаметжанов-қала тұрғыны

«1991 жылы Горный лагерінде нұсқаушы болдым. Көктемде бір арқардың ешкісі былай жүгіреді, былай жүгіреді, кетпейді. Қасымдағы балаларым шулайды, кетпейді. Бұл неге кетпейді десем, бірдеңе қытырлайды. Барсам арқар қозысы екен. Көлеңкелеп кіргенде, қайта бұрылып шыға алмаған. 1-2 күн жатып қалған секілді, аяқтары қажалып қалған.  Футболкама орап алып, шығарып жібердік. Жылда балаларға көрсететін жер керек деп, жылда әкелемін».

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать