Балқашта мүмкіндігі шектеулі жандар үшін тегін такси қызметі жұмыс істейді

Балқашта әлеуметтік такси әлеумет үшін жұмыс істеуде.Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған көлік күн сайын 30-ға жуық шақыртуға барып,ерекше күтімді қажет ететін жандарды діттеген жеріне тегін жеткізуде. Қазіргі күні иватакси қызметінде екі көлік жұмыс істейді. Олар күн сайын 30-ға жуық шақыртуды қабылдап, таңғы сағат 9-дан бастап кешкі 6-ға дейін байланыста болады. Тек сенбі және жексенбі күндері демалады. Бірақ мұндай қызмет түрін есепке алынған тұрғындар айына тек 4 рет қана пайдалануға мүмкіндіктері бар. Ал әлеуметтік таксиді пайдалану үшін мүгедектер қоғамына барып өтініш жазу керек. Жеке куәлік пен мүгедек екендігін дәлелдейтін анықтама қағазы және  мекен-жайы туралы құжатты өткізу қажет. Содан кейін тегін такси қызметі көрсетілетін болады.Толық ақпаратты 4-19-61 нөмірі арқылы біле аласыздар.

Руслан Нұржақай-такси жүргізушісі:«Үлгермейтін кездер көп емес, бірақ болады. Бірақ, уақытылы баруға тырысамыз. Күніне 30 шақты шақыртуға барамыз. 10-15-ке бөліп екі көлік жүреді. Бұл кісілердің баратындары емхана, диагностикалық орталық, зауыттың ауруханасына барады».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать