Балқашта оқушы ұлды көлік қағып кетті. Оқыс оқиға Сейфуллин көшесіндегі 2 үйдің жанында болды.Күндіз мектептен шыққан 11 жастағы бала үйге қайтып бара жатады. Жаяу жүргіншілерге арналған жолақты ескермей, жолдың қақ ортасына жүгіріп шығады. Сол сәтте оны жүйткіген көлік қағып түсіреді. Соққы қатты болмаса да бала қалалық ауруханаға жатқызылды. Оқушының бас миы зақымдалғаны анықталды. Енді бұл оқиға үшін баланың ата-анасы жауап беретін болады. Оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Мақсат Нұртазин-травматология бөлімшесінің меңгерушісі
«Баланың денсаулығы тұрақты. Ол травматология бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. Бүгін компьютер-томографиялық тексерістен өтті».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login