Балқашта 2 жастағы бала үйде жалғыз қамалып қалды

Балқаштық құтқарушылар бүгін үйде қамалып қалған 2 жастағы баланы алып шықты. Анасы подъезге шығып кеткенде, баласы есікті тартып қалып, құлып автоматты түрде жабылып қалған. Құтқару операциясы Русаков көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болды. Өрт сөндіру баспалдағымен құтқарушылар 5 қабатқа көтерілді. Үйде 2 жастағы бала жалғыз. Мамандар терезе арқылы ішке түсіп, подъезде тұрған анасына есікті ашты. Бүлдіршін аман-есен. Тек қатты қорқып қалған.

Алмагүл Жанпеис – Балқаш тұрғыны

«Подъзге шығып, тряпканы сулаймын дедім, сол кезде 2 жастағы балам есікті жауып, ар жақта қалып қойды.  112 ге звондап, сразу жүгіріп келді. Соларға көп рахмет айтамын.

Мамандар аптасына кем дегенде қамауда қалған 2 адамды құтқарады. Осы жарты жылда іштен жабылып қалған  50 есік ашқан. Ал 2017 жылы  осындай 37 жағдай тіркеліпті. Көбінесе балалар және қарт адамдар қамалып қалады екен.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать