Су Жылу Транс мекемесі балқаштықтарға 10 млн.523 мың теңгені қайтаратын болды

Су Жылу  Транс  мекемесі балқаштықтарға өтемақы төлейтін болды.Шаһарда  тұратын  26 325  абонентке  10 млн.523мың теңгені  қайтарады.Осындай  үкімді қалалық  прокуратураның  тексерісінен кейін  табиғи монополияларды  реттеу  агенттігі   жария етті.Өйткені, проркурор аталмыш   коммуналды кәсіпорынның 2015,2016,2017  жылғы тарифтық сметалық құжаттарында  қателіктерді  тауып, қорытынды есеппен  сәйкес  келмейтін сомаларды анықтады.Сол себептен олар әкімшілік  жауапкершілікке  тартылып.Сәйкесінше, «Су  Жылу  Транс» мекемесі алғашқы екі  жылға 3 млн 848 мың теңге  айыппұл  төледі.Және  пайыздық  көрсеткішпен, 26 325  тұтынушыға  10 млн. 523 мың теңгені  қайтаратын  болды. Бұл қызмет  қазан мен қаңтар  айлары  аралығында  іске  аспақ.

Серікбол  Толпаков- «Су Жылу Транс» КМК  директор орынбасары:«Бізге  салынған  айыппұлды  төледік. Енді  қалада  тұратын  абоненттерге  жылы  маусымы басталысымен, яғни  қазан мен келер жылдың қаңтар айлары  аралығында 10 млн. 523 мың теңгені  өтемақы  ретінде қайтаратын боламыз.Бірақ,ол сома пәтердің көлеміне  байланысты есептеліп, беріледі».

Алайда, «Су Жылу Транс»мекемесі 2017 жылғы  құжаттарға  қорытынды шығарған табиғи  монополиялар агенттігімен  келіспей  отыр.Олардың ұсынған  дәлелдерінде  айырмашылық  бар  дегенге  сенімді. Сондықтан, алдағы  күні   бұл  құжатты қалалық  сот қарастыратын  болады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать