Балқашта 1200 оқушы 1 сыныпқа барды

Биыл елімізде 350 мың бала білім ұясының табалдырығын бірінші рет аттады.Оның ішінде Балқаш қаласында 1200-дей оқушы алғаш рет парта алдына отырып,мектеп қабырғасындағы жалпы балалар саны 11 мыңнан асты.

1 қыркүйек — білім күні. Бұл күні Балқаштағы 18 мектепте оқу жылының жаршысы — қоңырау дауысы естілді.1200 бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, ұстаздарымен танысты.Мәселен, Балқаш бекетіндегі №24 мектепте бірінші сыныпқа 28 бала келді. Олар енді екі сыныпқа бөлініп білім алатын болады.

Аймұханбет Мейрам-№24 мектептің 1 сынып оқушысы
«Мен мектепке сабақ оқу үшін келдім. Жазу үшін».

Мұстафа Марс-№24 мектептің 1 сынып оқушысы
«Кітап оқу үшін,математика жазу үшін келдім».

Сағыныш Қымбат- №24 мектептің 1 сынып оқушысы
«Мен мектепке жазу үшін келдім.Метаматика жазу үшін келдім. Мен өскенде мұғалім боламын, апайым сияқты».

Нұрдәулет Төлеу- №24 мектептің 1 сынып оқушысы
«Мен мектепке барамын. Оқимын. Білім аламын».

Ал бұл күні оқушылармен бірге кейбір ұстаздарда жаңа қадамға аяқ басты. Солардың бірі-Рута Маржраева. 11 жылдық еңбек өтілімі бар мұғалім 3 рет бастауыш сыныпты қабылдады.

Рута Маржраева- №24 мектептің бастауыш сынып мұғалімі
«Бұл менің үшінші сыныбым.Бұл мамандықты неге таңдадым? Себебі, өзімнің анам мұғалім.Сондықтан сол анамның жолын қудым.Бала оқыту әрине оңай емес.Бұл менің үшінші сыныбым болсада өзім алғашқы қадам басып тұрған сияқтымын».

Айта кетейік, еліміз бойынша ала жаздай алаңсыз аунап, ойын қуған 3 млн оқушы партаға қайта жайғасты.Оның ішінде Балқаш қаласындағы 18 мектепте оқушылар саны 11 мыңнан асты.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать