Ұстаздарға беретін сыйлық 4800 теңгеден аспауы керек

Бірінші қыркүйек жақындап қалды. Ал бұл күні оқушылар ұстаздарын гүлмен қуантуға асығатыны белгілі. Алайда, осы гүл сыйлауға қатысты қоғамда түрлі пікір айтылып жүр. Бірі мұны мұғалімге деген құрмет десе, екіншісі ысырап дейді.Дей тұрғанмен, қазіргі заңнамаға сәйкес ұстаздарға беруге болатын сыйлықтың бағасы, яғни сомасы бекітілді.

Қазір өңірде білім күніне қызу дайындық жүріп жатыр.Гүл салондарында сауда қызып тұр. Сәйкесінше, бағада әртүрлі. Бүгінде голландық раушан гүлінің бір данасы 700теңге болса, азиаттық түрі 600теңге. Ал бақытгүлінің шоғы 1800 теңгемен бағаланса,жұлдызгүлінің үш данасын бір мың теңгеге сатып алуға болады.

Магруф Мавлянов – гүл сатушы:«Былтырға қарағанда гүлдіңң бағасы аса қымбаттай қойған жоқ. Өткен жылғыдай бір шоқ гүлдерін 1800-2000теңге жсауға болады. Өзіміз тегін әсемдеп береміз».

Дегенмен, бағаға қарамастан кейбір адамдар дәстүр бойынша гүл сыйлап, ұстаздың көңіл-күйін көтергісі келеді. Сондықтан әркім шама шарқына қарай гүл сатып алатыны рас.

— «Әрине,қалатадағы ақшаға қарап сатып аламыз. Мектепке балам гүлсіз бармайды».
— «Балам сүйікті ұстазына гүл бергісі келеді. Оны өзі таңдап, алып барады».

Ал ұстаздар қауымы балалар гүл бермеседе ренжимейміз.Себебі, бізге оқушының білімге деген ынтасы мен өмірде тұлға болып қалыптасуы маңызды дейді.

Дина Шакирова-мұғалім «Әрине мектепке бала гүл әкелмесе де соған біздің көңіліміз түсіп қалмайды.Оқушылардың өзінің ниеті,жақсы оқимын деген талабы жоғары болса, сол талабын шыңдауға дайын боламыз.Қолдаймыз, қамқорлық жасаймыз».

Назира Блалова- мұғалім «Оқушыларға біз міндетті түрде гүл әкеліндер деп айтпаймыз.Әр оқушының өз қалауына байланысты.Әр оқушы өзінің сүйікті ұстазына гүл бергісі келсе біз оны қуана қарсы аламыз.Бірақ,міндетті емес».

Дей тұрғанмен, мұғалімдерге гүл сыйлауға ешкім тыйым салмайды. Тек сыйлықтың құнына шектеу қойылғанын ұмытпаған жөн. Яғни, ұстаздарға беретін сыйлықтың құны 4800 теңгеден аспауы керек. Болмаса ол жемқорлыққа саналып, екі тарап қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать