Ленин көшесіне асфальтты төсеу жұмыстары басталды

Ленин көшесіне асфальтты төсеу жұмыстары басталды. Құрылысшылар 17 орам жақтан төмен қарай, яғни Ағайынды Мусиндер көшесіне дейін бір жақ жолдың бірінші қабатын салып бітті. Осылайша,жоспар бойынша күнделікті жұмыстарын атқаратын болады. Себебі, бірнеше күн бойы тоқтап қалған асфальт-бетонды зауыт қайта іске қосылды.

Бүгін құрылысшылар 17 орамның жоғарғы жағынан төмен қарай Ағайынды Мусиндер қиылысына дейін екі жақ жолға асфальтты толық төсеп бітпек. Және содан жолдың биіктігі 10 сантиметрге көтеріледі. Ол қабат бірінші болғандықтан қоспа-ірілеу келеді. Тек содан кейінгі қабаттар кезең-кезеңмен майдалана түсетін болады.Мердігер компанияның айтуынша, Ленин көшесіндегі құрылыс қараша айында аяқталады дейді.

МейрамИбраев – «АСМИР Строй Сервис»ЖШС бас  инженері:

«Біздің   асфальт-бетонды   зауытымыз  14 тамыздан  бастап  жұмыс  жасап жатырмыз. Зауытымыз өзінің  күшіне енді. Сағатына  50 тонна беріп  жатыр  зауыт. Сондықтан  25 тонналы   асфальтты  бір жарым айда  бітіреміз деген  жоспарымыз  бар. Сондай-ақ  кешкілік  жұмыс жасап жатырмыз. Негізі жоспар бойынша  қараша  айына  дейін   бітіруіміз керек. Енді  біз ертерек  бітіруге  күш салысып  жатырмыз».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать