Балқаш жаңалықтары 15 тамыз 2018

1) Балқаштағы мектептер жазаға тартылды.Өрт қауіпсіздігін сақтамаған 4 білім ошағының әрқайсысына 170 мың теңгеден айыппұл салынды. Өртке қарсы ереже бұзушылық фактісі тексеріс кезінде анықталды.

2) Қаладағы күзет агенттігіне жарты млн теңге айыппұл салынды. Әкімдікте жұмыс істеген қорғау қызметкерлері сөмкелерінде жарылғыш зат болған екі адамды ғимаратқа тексермей кіргізген.

3) Әне міне дегенше кезекті оқу жылы да таяп қалды. Ал бұл дегеніміз үйдегі балаларға керекті киім-кешек пен құрал-жабдық алуды бастау керек деген сөз. Оқушыны мектепке дайындау ата-ана қалтасына біраз салмақ түсіретіні белгілі. Биыл 1 баланы білім алуға жіберуге қанша қаржы кетеді? Біз бұл сұраққа жауап іздеп, базар мен дүкендерді аралап қайттық.

4) Жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде Қазақстанда спорт күні аталып өтеді. Аталған мереке елде спортты дамыту мен спорттағы жетістіктерді ынталандыруға арналған.Осы мақсатта біз балқаштықтар қандай спорт түрімен шұғылданады немесе бұрын айналысқанын сұрап қайттық.

5) Балқаштағы қоңыр-салқынды күндер енді қайта аптап ыстыққа ауыспақ. Жаңбыр мен жел, суық ауа райы антициклонмен алмасатын болады. Синоптик мамандардың айтуынша, жақын күндері ауа температурасы күндіз +32 дейін көтеріліп, түнде сынап бағанасы +18+23 көрсетпек.

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать