Өзі қызмет еткен фирманы тонаған балқаштық әйел сотталды

Өзі қызмет еткен фирманы тонаған балқаштық әйел шартты түрде 5 жылға сотталды. Жеке меншік компанияда әкімгер болып жұмыс істеген келіншек 2 млн-нан аса ақшаны қалтасына басқан. Анықталғандай әйел қызметтік жағдайын асыра пайдаланыпты. Кассаға ақша өткізбеген, коммуналдық қызмет ақысын төлемеген. Оған қоса фирмадағы 11 теледидарды ломбардқа өткізіп жіберген. Нәтижесінде фирмадан 2.5 млн теңге ұрлаған. Сот оны кінәлі деп тауып, шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айырды. Енді әйел 5 жыл бойы пробация қызметінің бақылауында болады.

Айнұр Жандильдина-қалалық соттың судьясы
«Әйел өз кінәсін толық мойындады. Сондай-ақ сот оның істеген ісіне өкінгенін ескере отырып жаза мерзімін шартты мерзімге ауыстырды. Сот үкімі өз күшіне енді».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать