Балқашта бірыңғай төлем орталығы ашылды

Балқашта барлық коммуналдық қызмет ақысы қабылданатын бірыңғай төлем орталығы ресми түрде ашылды. Енді, суық су мен ыстық судың және жылудың ақшасын алысқа ұзамай-ақ бір жерден төлеуге болады. Қала әкімінің орынбасары және бірыңғай төлем орталығының директоры қызыл лентаны кесіп, орталықты салтанатты түрде ашты. Мұндай кеңсе Балқаштан өзге Жезқазған, Сәтпаев қалаларында және Қарқаралы ауданында бар. Абоненттік касса желілері осыдан екі жыл бұрын пайда бола бастаған. Басты артықшылық барлық коммуналдық қызмет  бір жерге топтастырылған.

Әмре Тойшыбеков – «Бірыңғай төлем жүйесі» ЖШС директоры

«Біз бірінші «Қазэнергоцентр» мекемесімен байланысып, бірге қызмет етуге шақырдық. Кейін Балқаш Су, Су Жылу Трансқа ұсыныспен шықтық. Міне енді барлық коммуналдық төлем осында қабылданады.

Айта кету керек, коммуналдық төлем орталығы бұрынғы қазынашылық орталығында да бар. Мұнда 3 кассада барлық қызмет құны көрсетілген түбіртектер арқылы есеп айырысуға болады.

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать