Балқаш маңындағы жол апатына түскен 6 айлық сәби жансақтау бөлімінен шығарылды

Жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккен 6 айлық сәби реанаимациядан хирургиялық бөлімге ауыстырылды. Баланың ішіне ота жасалып, жарылған көк бауыры алынып тасталған болатын. Дәрігерлердің айтуынша қазір оның хәлі тұрақты. Еске сала кетейік, көлік апаты 21 шілде күні қалаға кіре беріс жолда болған еді. Мерседес пен Рено бір біріне соғылып, оқиға орнында 34 жастағы жолаушы көз жұмды.  8 адам орталық ауруханаға жеткізілді. Оның төртеуі жансақтау бөліміне қалған төртеу травматологияға жатқызылды. Өкінішке орай миынан ауыр жарақат алған 1 жастағы нәресте реанимацияда көз жұмды. Қалған 7 науқастың үшеуі өткен аптада Қарағандыдағы Мақажанов атындағы ауруханаға жеткізілді. 3 адам Балқашта травматологияда жатыр. Дәрігерлер оның екеуі жақын күндері үйлеріне шығармақ. Ал 6 айлық нәресте реанимациядан палатаға ауыстырылды. Сәбиді әрі қарай облыстық мамандар емдемек.

Мақсат Нұртазин – травматология бөлімшесінің меңгерушісі

«Баланың жағдайы қазір тұрақты.Қазір хирургия бөліміне ауыстырдық. Жақында облыстық ауруханаға жібереміз. Неврология бөлімінде жатып, ем алуы қажет.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать