Балқаштықтар көл жағалауын жинауға шақырту алды

Темір концентратын өндіретін зауыт балқаштықтарды көл жағалауын жинауға шақырады. Ертең өндіріс орнының жұмыскерлері кемежай айлағына жиылып қалған күл-қоқыстан арылтпақ. Кәсіпорын мұндай тазалық жұмыстарын жиі өткізіп тұрады. Соңғы рет сенбілікке 12 шілде күні шыққан. Демалушылардан қалған қоқыстарды жинап, жалпы 400 шаршы метр жерді бөтелкелерден, пакеттерден және тамақ қалдықтарынан тазартқан. Кезекті тазалық шарасы ертең өтеді. Темір концентратын өндіретін зауыт жұмыскерлері кемежай айлағын жинамақ. Ұйымдастырушылар көл экологиясына бей-жай қарамайтын қала  тұрғындарын сенбілікке атсалысуға шақырады. Тазалық жұмысы сағат 11:00 де басталады.

Платон Каскин- темір концентратын өндіретін зауыт бас директоры

«Біз бұл жерді жақында ғана жиап кеткенбіз. Енді қараңыз қайтадан сыраның бөлтелкелері, пакеттер шашылып жатыр. Осының барлығын сол әкелген пакеттеріне салып алып кетсе болады ғой. Көл біздің байлығымыз. Тұрғындар соны түсінсе деймін.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать