Балқашта бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді. Онда екі қолға бір күрек іздеп жүргендерге 200 ге жуық қызмет ұсынылады. Әсіресе психологтар мен мұғалімдер және техникалық мамандық иелері сұраныста. Жәрмеңке 20 шілде күні мәдениет сарайының алаңында өтеді. Сағат 4 тен бастап жұмыс берушілер өздеріне қажетті мамандарды іздеуге кіріседі. Жалпы 30 шақты мекеме шараға қатысып, 200 ге жуық бос жұмыс орнын ұсынбақ. Мысалы, мектептер мен колледжерге математика, тарих, физика пәні мұғалімдері қажет болса, орталық ауруханаға дәрігерлер мен санитарларды іздейді.
Әйгерім Қасым –жұмыспен қамту орталығының маманы
«Ашық аспан астында ашығынан отырып жұмыс берушілермен сөйлесе алады. Өздерімен бірге жеке бас куәлігін, жұмыс кітапшасын және білімінің деңгейін анықтайтын диплом немесе атестат болуы қажет.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login