Балқаштық балалар сенім телефонына хабарласа алады

Балқаштық балалар мен жасөспірімдер ешкімге айта алмайтын мәселесін анонимді түрде жеткізе алады. Қарағанды облысында қиын жағдайға тап  болған  балаларға арналған сенім телефоны іске қосылды. Енді 8 800 070 02 17 нөмірі арқылы кез-келген уақытта мамандардан көмегіне жүгінуге болады. Сенім телефоны 5 шілдеден бастап жұмыс істеуде. Осы уақытқа дейін онда 50 жеткіншек  қоңырау шалып,  психолог, заңгер, нарколог және психиатр секілді мамандардың  көмегіне жүгінген. Тек балалар ғана емес сонымен бірге олардың ата-аналары да сенім телефонына хабарласа алады. Анонимді түрде кеңес алып, баласына қатысты мәселелерімен бөліссе болады.

Татьяна Абрамова –сенім телефоны жобасының координаторы

«Бізге кез-келген телефоннан тегін қоңырау шалуға болады. Хабарласқан адамдарға біздің мамандар анонимді түрде тегін кеңес беріп, көмек көрсетеді. Ең бастысы сенім телефоны үзіліссіз тәулік бойы жұмыс істейді.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать