Балқашта жүзуден жарыс өтті

Металлургтердің кәсіби мерекесіне орай балқашта жүзуден жарыс өтті. Судағы сайыс биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр. Өткен жылға қарағанда осы жылы  қатысушылардың саны екі есе көп болды. Былтыр 17 адам  өз бағын сынауға ниет білдірсе, осы жолы жарысқа 40 адам қатысты.

Алматыдан келген Ғалия Қосалбекова қатысушылардың арасындағы жалғыз әйел. Қазір денесін қыздырып, 500 метрді бағындыруға дайындалуда. 32 жастағы алматылық жүзуді 7 жасында үйреніпті. Ал бұл жарысқа қатысу үшін кәсіпқой жаттықтырушыдан арнайы сабақ алған.

СНХ:Ғалия Қосалбекова-жарысқа қатысушы

«Былтыр жолдасым қатысып, бірінші орын алған. Биыл меніде қатысуға көндірді. Осы уақытқа дейін жағадан 100 метрге ғана алыстап көргенмін. 500 метр әрине қашық. Сонда да өз күшімді сынап көрмекпін. Көмек керек болса, құтқарушылар бар».

Ия, Ғалияға шыныменде құтқарушылардың көмегі керек болды. Жағадан бірнеше метрге ұзай бере әлі таусылып, қайыққа әзер мінді.

Жарыста 4 қашықтық болды. 500, 1000, 2000 және 3000 метр. Сайысқа 40 адам қатысты. Олардың көбісі алматылықтар мен балқаштықтар.Бірінен кейін бірі суға сүңгіп межені бағындыруға көшті. Алайда, әлі құрып орта жолда қалғандар  жетерлік. Жалпы 10 шақты адам жарыс жолынан шығып қалды.

Ал қалғандары түрлі тәсіл арқылы жүзіп, межеге жетуге барларын салды. Белгіленген жерге жеткеннен кейін кері қарай жағаға жүзіді.

СНХ:Ердос Орынтаев-жарысқа қатысушы

Бірінші жүзіген қиын болды. 1000 метр жүзу қиын болды. Қайтарда  оңай болды. Биыл бірінші қатысып отырмын.

СНХ:Жанәли Мұхаметжанов-жарысқа қатысушы

Қатты ауыр болған жоқ. Бірақ дайындық болмағаннан кейін қолдарымның барлығы талды. 250 метрден кейін шаршадық расы керек. Бірақ намыс болды, намыс жібермеді.

Жарыстың нәтижесі бойынша 500метрді балқаштық Андрей Овечкин бірінші болып бағындырды. Тағы бір жерлесіміз Александр Тутолин 1000 метрге жүзіген басқа қатысушылардан оқ бойы озып келді. Ал алматылық Серік Қосалбеков 2 шақырымды артқа тастап, мәреге бірінші жетті.

СНХ:Серік Қосалбеков-жарыс жеңімпазы (2000м)

Былтырда осы жарысқа қатысып бірінші болып келгенмін. Осы жолы біраз қиынға соқты. Толқын қатты болды.  Бірақ берілмедім.

Ал ең ұзақ қашықтық 3000 метрде  Елдар Серікболұлы өзіне қарсылас шақ келтірмеді. 18 жастағы балқаштық жүзумен кәсіби тұрғыда айналысады екен.

СНХ:Елдар Серікболұлы-жарыс жеңімпазы (3000м)

«Мен жүзумен 5 жылдан бері шұғылданамын. Алматыда Шаңырақ спорт мектебінде оқыдым. Спорт шеберімін. Мен үшін 3000 метрге жүзу аса қиын болмады.

Барлық жеңімпаздар бағалы сыймен марапатталды. Судағы сайысты алматылық фирма ұйымдастырды. Осымен екінші жыл өткен жарыс келесі жылы тағыда жалғасын таппақ.

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать