Жарық ақысын төлемеген балқаштықтардың дүние-мүлкі тәркіленуде

Электр энергиясының ақысын төлемеген балқаштықтардың қарызы 72 млн теңгеден асқан. Балқашқа тоқ көзін жеткізіп отырған Қазэнерго мекемесі қазір борышкерлермен күрес жүргізуде. Алдымен ескерту жасап, оған құлақ аспағандардың жарығын өшіруде. Тіпті дүние мүлікке дейін тәркілеуге көшті.

Қазэнергоцентр мекемесінің электромонтеры Сергей Палкин контролермен бірге осымен үшінші жыл борышкерлердің есігін қағып жүр. Күніне 40 шақты пәтерді аралайды. Алдымен ескерту жасайды. Егер оған тұрғындар құлақ аспаса, онда 2-3 күннен кейін қайтып келіп, тоқты сөндіріп кетеді.

Сергей Палкин – «Қазэнерго Центр» ЖШС электромонтеры

«Щитті ашып егер автомат болса оны өшіреміз.  Болмаса сымды қиып кетеміз. 1 тәуліктен кейін тексеруге келеміз. Кейде өздері қосып алатын жағдайлар болады. Онда кезде акт толтырып, заңгерге жібереміз.

Бүгінгі күні жарық ақысын төлемеген балқаштықтардың қарызы 72 млн асқан.  Бұл сома 2016 жылдан бері жиналған. Қазэнергоцентр мекемесі осыдан екі жыл бұрын  қалаға тоқ көзін жеткізіп, қызмет көрсете бастаған еді.

Азамат Қаржанов –«Қазэнергоцентр»ЖШС коммерциялық диспетчер қызметінің басшысы

«2017 жылдың қаңтар айынан бастап  борышкерлерден 46млн 73 мың теңге өндіру туралы 1576 сот шешімі шықты. Ал 2018 жылы 1992 шешім шықты. Өндірілетін сома 20млн 639 теңге. Егер сот шешімінен кейін борышкер қарызын өтемейтін болса іске жеке сот орындаушы араласады.

Сот шешіміне де құлақ аспайтын борышкерлере қатаң жаза қолданылады. Сот орындаушылар үйдегі дүние-мүлікті тәркілеуге көшкен. Қашан қарызыңызды қайтарасыз сол уақытта дүниеңізді кері қайтып аласыз. Алайда бұл жерге ескерген жөн. Егер іске жеке сот орындаушылар араласса, онда олар өз қызметі үшін сізден жеке ақы алады. Яғни қалтаңыз тағы қағылады.

Борышкерлердің тізіміне кірме үшін әр айдың 25 нен қалдырмай жарық ақысын төлеу қажет. Қазэнергоцентр кассалары Мира көшесінде және бұрынғы қазынашылық орталығында орналасқан. Не болмаса терминал арқылыда төлем жасай аласыз.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать