Балқаштық 2 сәбиге домбыра тарту етілді

Елімізде 1 — шілде  күні «Қасиетті домбыра» атты акция бастау алды. Оның аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен дүниеге келген сәбилерге ұлттық аспап тарту етілді. Мұндай сыйлықтан  балқаштықтар да  құр қалмады. Мереке  күні  бауыр  еті  балаларын  бауырына  басқан  жас аналарға   домбыра  мен  гүл  шоқтары, алғыс хаттар  табыс  етілді. Айта  кетейік, 1- шілдеде қалалық  перзентханада 2  нәресте дүние есігін  ашты. Екеуі  де  ұл балалар.  Бүлдіршіннің  бірі — Мүсілім. Салмағы — 3 келі 400 грамм.  Бойы — 53  см. Қазіргі  күні  аналар  мен сәбилер   дәрігерлердің  жіті  қарауында.

Қымбат Әбілова-қала тұрғыны

«Бұл  менің   үшінші  балам. Аты –жөні  — Талғат  Мүсілім Миратұлы. Оны  әке-шешем таңдап  қойды. Сол  кісілердің  жолдарын берсін  деп».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать