1.Қаржылай қолдау! Келесі жылдан бастап жастар үшін қалалық бюджеттен грант бөлінетін болды. Оны ұтып алған жас буын өкілдері жеке кәсіптерін ашып, табыс табуға мүмкіндік алады.
2.Биыл Балқаш көлінде 6 мың тоннаға жуық балық аулауға рұқсат берілді. Жалпы көлемдегі мұндай санды үкімет бекітіп отыр. Бұған дейін балық шаруашылығы институтының мамандары арнайы зерттеу жүргізіп, 7 мың тоннаға дейін балық аулауға болады деп болжады.
3.Қаламыздағы колледждерде талапкерлерден құжат қабылдау басталды. 20 маусымнан бастап қабылдау комиссиясы өз жұмысына кірісті. Қазір қаламызда орта арнайы білім беретін 7 оқу орны бар.
4. Қарағанды облысы бойынша ҰБТ нәтижесі белгілі болды. Биыл орташа бал 78 пайыз. Түлектердің 12 пайызы ең төменгі шектік балды жинай алмады.
5. Балқашта 14 — шілде күні жүзуден жарыс өтеді. Көлдегі сайыс мысшылар мерекесіне орай ұйымдастырылмақ. Қазір ниет білдірушілерден өтініш қабылдау жүргізілуде. Аталмыш жарыс былтыр алғаш рет ұйымдастырылған болатын.
6. ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Вячеслав Савкивті еске алуға арналған халықаралық турнирде 9 балқаштық чемпионт атанды. Ресей, Қырғызстан және Қазақстанның түрлі қаласынан келген каратешілер Балқашта бас қосты.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login