Балқаштық жастарды кәсіппен айналысуға шақырады

Қаржылай қолдау! Келесі жылдан бастап жастар үшін қалалық бюджеттен грант бөлінетін болды. Оны ұтып алған жас буын өкілдері жеке кәсіптерін ашып, нәпақа табуларына мүмкіндік берілмек.Бүгін осындай жаңалық жастар кеңесі отырысында айтылды. Қалалық әкімшілікке атқарушы мекемелердің өкілдері мен белсенді жастар жиналды. Онда айтылғандай, қазіргі күні кәсіпкер атанамын деген жастарға барлық жағдай жасалған. Біріншіден, олар ұлттық кәсіпкерлер палатасынан бизнесті бастау туралы оқуды онлайн түрде өте алады. Яғни, ешқайда барып жүрудің қажеті жоқ. Сондай-ақ кәсіпкерлер бөліміне келіп, тегін нақты ақпарат ала алады. Бүгін де шаһарда жазғы уақытта балмұздақ сатып, балалар ойын алаңын ұйымдастырып ақша тауып жатқан жастар қатары көбеюде.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать