Балқашта колледждерге қабылдау басталды

Қаламыздағы колледждерде талапкерлерден құжат қабылдау басталды. 20 маусымнан бастап қабылдау комиссиясы өз жұмысына кірісті. Қазір қаламызда орта арнайы білім беретін 7 оқу орны бар. Ал биыл солардың қайсына көп грант бөлінді.

Вячеслав Аникин оқуға түспек ниетпен анкета толтыруда. Биыл 9 — сыныпты бітірген түлек политехникалық колледжді таңдаған. Себебі бұл оқу орнына бәрінен көп грант бөлінген. Биыл 221 балаға тегін білім алуға мүмкіндік бар. Оның 166-сы Қазақмыс корпорациясы, 55-ін мемлекет берген. Оның үстіне жаңадан дизайнер, техник-лаборант, техник программист сынды мамандықтар пайда болыпты. Жалпы 9 кәсіп түрі бар. Солардың арасынан Вячелсав болашақ мамандығын таңдады.

Вячеслав Аникин-талапкер
«Электр-механик мамандығын таңдап отырмын. Өзім физика пәніне жақынмын. Қазір сынақ ретінде тест тапсырып көремін. Грантқа түсемін деген ойдамын».

Ал қаламыздағы ең көп мамандық — Балқаш гуманитарлы техникалық колледжінде. Мұнда түлектердің таңдауына 19 кәсіп ұсынылуда. Оның он бірі — техникалық, сегізі — педагогикалық. Жаңадан түсті металдар металлургиясы және сәндік қолданбалы өнер қосылған. Ал бөлінген грант саны 200- ге жуық. Талапкерлер тегін білім алу үшін қазақ тілі мен математика пәнінен емтихан тапсырады.

Техника саласына қарағанда медицинаға аз грант бөлінген. Тіс дәрігері, зертханашы, медбике, фельдшер және фармацевтерді оқытатын Балқаш медициналық колледжінде биыл бар жоғы 50 грант қарастырылған. Оның үстіне оқу ақысы 10 мың теңгеге өскен. 9 — сыныпты бітіргендер 150, 11- ден кейін түскендер 160 мың төлейді.

Баян Рахымбек-Медициналық колледж директорының орынбасары
«Грантқа түсу үшін талапкерлер қазақ, орыс және биология пәндерінен ауызша емтихан тапсырады. Ең жоғары ұпай жинағандар мемлекеттік есебінен тегін оқиды. Әрі шәкіртақы алады. Оның көлемі 16 мыңнан астам».

Гүлшат Байтөкешова-тілші
«Жолыңыз болмай грантқа түспей қалсаңыз, ал оқудың ақысын төлеуге ақшаңыз болмаса онда Балқаш қаласындғы Р.Қошқарбаев атындағы техникалық колледжде тегін оқуға болады. Мұнда 5 мамандық қарастырылған».

Аңсаған Қарашолақова-Р.Қошқарбаев атындағы техникалық колледждің  қабылдау комиссия мүшесі:«Техникалық мамандық бойынша оқуға қабылдаймыз. Біріншісі электрогазбен дәнекерлеуші, электромонтер, автокөлік жөндеу салесары, сылақшы және кран машинисі. Бізде оқу тегін. 9-11 сынып базалары негізінде оқуға қабылданады. Бірінші курс студенттеріне шәкіртақы төленеді».

Балқаш сервис колледжінде де оқу тегін. Аталмыш оқу орнында Тігінші атанып, дәмді ас дайындауды, шаш әрлеуді ақысыз үйренуге болады. Қаламыздағы арнайы оқу орындарында құжат қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі. Емтихан тапсыру 26- нан басталады. Ал сырттай бөлімге түсушілерге құжаттарын 20 қыркүйекке дейін өткізулері тиіс.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать