Балқаштықтар ауыр дертке шалдыққан 17 жастағы бойжеткенге ақша жинап берді

Балқаштық  жомарт  жандар үдемелі бұлшық ет дистрофиясына  шалдыққан Ажар Аманға  қажетті  ақшаны  жинап  берді.  Енді  Ажар  800  мың теңгемен Мәскеуге  барып, толық  тексерістен өте  алады.  Сәйкесінше,  9  жылдан бері   бұлшық  еттері  неге  әлсізденіп қалғанын  анықтауға  мүмкіндігі  бар.Салмағы  28 келіден  аспайтын  17 жастағы Ажар Аманға   әлі  күнге  дейін нақты диагноз  қойылмаған.  Әзірше  отандық  дәрігерлер бойжеткеннің дертін үдемелі бұлшық ет дистрофиясы деп отыр. Алайда,оны нақты  анықтау үшін Мәскеуге  бару  қажет. Оған  800 мыңнан артық  ақша  қажет.  Соны   ескерген  «Үміт үзбе»  қайырымдылық  қоры   қаладағы дүкендерге  6 жәшік  орнатты.  Оның 4-уінен  200мыңдай  ақша  жиналды.  Оған  қоса,  қайырымдылық  концертте  600 мың теңге түсіп,  негізгі  қажетті  сома  шықты.  Дегенменде, 25 маусым  күні  тағы  екі  жәшіктегі қаржы  саналатын болады. Өйткені,  қазіргі  күні  Ажар  Аман  Астана қаласындағы   «Ана мен Бала» орталығында  ем қабылдап ,  тиісті  анализдерін тапсыру үстінде.Содан кейін Балқашқа келіп,   Мәскеуге  жол тартады деп күтілуде.

СНХ:  Ирина Рожкова-«Үміт  Үзбе»  қайырымдылық  қорының   өкілі

«Ажар  Аман  Астана қаласынан келген соң   қалған екі жәшікті  ашып,  ішіндегі  ақшаны  санайтын  боламыз.Оларға қажетті  негізгі  сома жиналды. Және олар   келісім-шартқа  сәйкес   Мәскеуге барып келген  соң   ақшаны  қайда  жұмсағандары туралы  есеп  беретін болады».

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать