Балқашта бокстан халықаралық турнир басталды

Шаһарда  бокстан спорт шеберлерін еске алуға арналған халықаралық турнир басталды. 8-ші рет жалауын  көтерген  дәстүрлі додаға  Қазақстаннан өзге  Өзбекстан,   Ресей, Монғолия,  Тәжікстан  және  Қырғызстан   елдерінің  200-ден  аса спортшылары  жиналды.

Дәстүрге  айналған  халықаралық бокс турнирін  алыстан  ат  терлетіп  келген олимпиада  чемпионы Ермахан Ибрагимов  ашты. Қазақ  боксшы  ізбасарларына  ізгі тілегін  жеткізіп,  марапаттарын табыс  етті.  Балқаштық  бокс  федерациясының   төрағасы   Тлеугерей Маканалин мен  облыстық  аға  бапкер  Бейбіт Есжановқа,ринг  анонсері  Аман  Әжібаевқа  Спорт және  мәдениет  министрлігінің  атынан  алтын медаль,  алғыс хаттарын  тарту  етті.

Салтанатты  рәсімнен кейін  шаршы алаңдағы  шайқас басталды. Бүгін қыздар қауымы   рингке  бірінші  шықты.  Көк  бұрышта  балқаштық Гүлсезім  Абылхан.15 жастағы  жерлесіміздің  алғашқы  қарсыласы  болып астаналық бойжеткен  түсті. Оған  балқаштық боксшы қыз бірден  соққы  жіберіп, қонақты  3:0 ұпаймен  таза  жеңді.

Гүлсезім Абылхан–  жарысқа  қатысушы(Балқаш қаласы)

« Мен  бүгінгі шыққан бірінші  кездесуім.Онша қиын болған жоқ.Сондай  әсерлі бәсеке  болды.  Әлі  алда екі  кездесу  күтіп тұр.Осы  жарыс  қаламызда болып жатқандықтан бірінші орын алуға талпынасын.Бүгінгі  кезедсуге  қарап  мен  өзімді ұтылам деген ойда емеспін».

Қарсыластарын тізе  бүктіртеміз  деп келген  қыз-жігіттер  бос уақыттарын  жоғалпай   жарысқа  тыңғылықты  дайындалуда. Әр минуттарында білгендерін  қайталап  жатыр.  Өйткені, кілең мықтылар  жиналған турнирде  тек Еуропа,  Азия,  спорт  шеберлі  бас қосқан.

Динара  Сүйіндікова- Атырау  қаласының спортшысы

«Осы жарысқа жақсылап дайындалып келдім.Ұтамын  деген  үміттемін.Өзімді  осы жарыста  көрсеткім келеді.Атыраудың  намысын  қорғағым  келеді. »

Әдемі  Қаналбай-  Шымкент қаласының спортшысы

« Біз Шымкент  қаласынан келіп  тұрмыз. Біздің  командада 6  қыз бар. Біздің  Шымкенттің  қыздары жақсы   дәрежеде   жақсы көрсеткіш көрсетуде».

Халықаралық  деңгейдегі  байрақты  бәсекеге  жалпы 14 пен 16 жас аралығындағы  200 аса  спортшылар  жиналған. Турнирге  көршілес  Өзбекстан,  Тәжікстан,  Қырғызстан, Ресей, Монғолия   елдерінің  боксшылар  келген.  Олар апта  соңына  дейін 20 салмақ санатында  сарапқа түсіп,бас жүлдеге таласатын  болады.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать