Қайырымдылыққа бастаған игі қадам! №15 мектеп-лицейінің 28-түлегі мектеп бітіру кешіне жинаған ақшаларын үнемдеп, ауыр дертке шалдыққан жерлесімізге қол ұштарын созды.Аплазиялық анемияның ең ауыр түрімен сырқат Торғын Нұржанқызына 140 мың теңге жинап берді. Оны бүгін оқушылар Торғынның нағашы ағасы Қаныш Искаковқа табыс етті.Өйткені, қазіргі күні Торғын Астана қаласындағы «Ана мен бала » орталығында ем қабылдап жатыр.
СНХ: Жадыра Құсайынова- № 15 мектеп-лицейінің түлегі
« Біз өзіміздің 11 бітіру кешін жасағандықтан балалардан көптеген ақша артылып қалды. Бізоны өзара бөліскеннің орнына жергілікті, өзімізбен жасты Торғынға көмек ретінде осы қаржылай көмекті беруді жөн көрдік. Және қазіргі таңда ғана емес алдағы күндері көмектерімізді аямаймыз деп білемін».
Оқуда озат, білімді 16жастағы қыздың ауыр дерті 2017 жылдың тамыз айында анықталды. Ол кезде Торғынның денесі, қол-аяқтары көгере бастаған. Мұрнынан тоқтамастан қан кете берген. Салдарынан Балқашта 1 апта бойы ем қабылдап, Қарағандыға жеткізілді. Онда облыстық дәрігерлер «Аплазиялық анемияның ең ауыр түрі» деген диагноз қойды. Содан бері Торғын анасымен бірге Астана қаласындағы «Ана мен бала» орталығында жатып емделуде. Өйткені, бойжеткеннің бойындағы тромбациттер жойылып кеткендіктен оны дәрігерлер система арқылы құйып, қадағалауда. Ал бұл ауыр дертті алдын –алу үшін жерлесіміз тез арада Түркияға барып, сүйек кемігін ауыстыру керек.Ол 100 мың АҚШ доллары қажет.
СНХ: Гүлзира Искакова-Торғынның анасы
«Бізге қазіргі таңда тез арада трансплантация косный мозгқа ота жасау керек.Қазіргі күні көмектесіп жатқан барша халыққа, баламның сыныптастарына, туған туысқандарға..өзімнің атынан, аналық алғысымды айтамын.»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login