Балқашта «Жасыл ел» жастар жасағының маусымдық жұмысы басталды

Балқашта «Жасыл ел» жастар жасағының маусымдық жұмысы жалғасуда. Биыл үш ай бойы 45 бала шаһардың көгалдандыруы мен абаттандырылуына ат салысатын болады.Ал бүгінгі еңбекте балғындар ағаш кесіп жұмыс істеді.
Іске білек сыбана кіріскен жастың бірі Мадияр Отархан. 19 жастағы студент әкімшілік алдындағы бей-берекет өсіп кеткен ағаштарды кесуде. Ол жазғы демалысын тиімді өткізу мақсатында осындай жұмысты таңдап, «Жасыл ел»құрамына қосылды.

Мадияр Отархан –Балқаш көпсалалы колледж студенті:«Жасыл ел туралы мен өз достарымнан естідім. Мұнда жұмыс бар деп айтты. 5 күндей болды жұмыс істегемізге. Жұмыс қиын емес. Гүлдерді отырғызу, ағаштарды қию оңай жұмыс деп айтуға болады».

Жалпы биыл «Жасыл ел»жастар жасағына қосылуға 45 жас ниет білдірген. Олар әр айға 15-тен бөлініп «Зеленестрой» мекемесімен бірге абаттандыру қызметін атқаратын болады. Оның ішінде кәмелеттік жасқа толмаған балалар түске дейін жұмыс істесе, қалғандары кешкі 5-ке дейін аптасына 5 күн бойы еңбек етеді.

Расул Қасенхан – жастар ресурстық орталығының директоры:«1 маусымнан бастап біз жұмысымызды бастадық. 15 бала жұмысқа тұрғызылды. Кәмелеттік жасқа толған балалар толық күн жұмыс атқарады. Кәмелеттік жасқа толмаған балалар түске дейін жұмыс атқарады. Әрбір жастың жалақысы жастардың еңбек шотына аударылады».

Айта кетейік, түске дейін жұмыс атқаратын жастарға ең төменгі жалақы, яғни 28 284 теңге төленеді. Ал кешке дейін жұмыс істейтіндерге 28 мың теңгенің үстіне 35 мың теңге шамасында облыстық қазынадан қосымша қаржы қосылады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать