Балқашта 2 балықшы құтқарылды

Балқаш көлінің қақ ортасында қалып қойған балықшылар құтқарылды. 2 тұрғынды мамандар 1,5 сағат бойы іздеп, жағаға алып шықты. Оқиға кеше Балқаш көлінен 15-20 шақырым қашықтықта орналасқан Аққұм аралында болды. Оған 25 пен 26 жастағы екі жігіт балық аулауға барған. Күні бойы сонда отырып, кешке кері қайтамыз дегенде қайықтарының бензині бітіп қалады. Сондықтан құтқарушыларға хабарласқан. Ал оны естіген мамандар балықшыларды 1,5 сағат бойы іздеді. Ақыры аман-есен жағаға алып шықты.

Дархан Қуанбаев-Судан құтқару бөлімшесінің басшысы
«Барлығы 3 сағаттың ішінде жоғалған адамдарды жағаға жеткіздік. Іздеу жұмыстары кезінде ешқандай қиыншылық туындаған жоқ. Өздерінде май шамдары бар екен. Сонымен бізге сигнал беріп құтқарушыларға, сонымен оңай табылды».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать