Балқашта мемлекеттік рәміздер күнінде 700 жас шеруге қатысты

Балқаштықтар ҚР Рәміздер күнін ерекше атап өтті. 700 ден аса қаланың жастары көк туды желбіретіп қаланың орталық көшелерімен жүріп өтті. Патриоттық әннің сүйемелдеуімен Желтоқсан көшесінде жаппай флешмоб биледі.
Тәуелсіз елдің азаттығын айшықтайтын айтулы мереке шерумен басталды. 700 жас Тәуелсіздік алаңынан бастап Желтоқсан көшесіне дейін жүріп өтті. Көк туды желбіретіп, патриоттық ән айтып туған жерге деген сезімдерін білдірді.
Әрі қарай мерекелік шара Желтоқсан көшесінде жалғасты. Бас сахна алаңында 100ге жуық қыздар флешмоб биледі. Көк түсті футболкамен елдің тыныштығын, сарымен нұр сәулені көрсетті.
Елге деген махаббаттарын осылай жеткізген жастардан кейін қала әкімі балқаштықтарды құттықтады. Тәуелсіздік мәңгілік болсын деген тілегін жеткізді.Сонымен қатар, мемлекеттік рәміздер күнінде қала әкімі 4 оқушыға жеке куәліктерін салтанатты түрде табыс етті.

КелбетШалғынбаева-қала тұрғыны:« ҚР мемлекеттік рәміздер күнінде мен үшін үлкен мәртебе. Енді біз еліміздің дамуына үлесімізді қосатын боламыз».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать