Балқаш жаңалықтары 4 маусым 2018

Тыныштығын бұзған көршісін сотқа берген қала тұрғыны сотта жеңіп шықты. Надежда Короткова жоғары қабаттағы шудан бір жыл бойы ұйықтай алмаған.

Біреудің кесірі көпке тиді. Жұма күні қаладағы белгісіз бір кәсіпорын жылу электр станциясы маңында құрылыс жұмыстарын жүргізіп, балқаштықтарды жарықсыз қалдырды.

Жаз келіп, суға түсу мерзімі басталғанымен кұтқарушылар көлде шомылуға әлі ерте екенін ескертеді. Тұрғындар күн райының жылынып, су температурасының көтерілуін күтулері қажет.

Қазақстанда жасөспірімдерді мазалайтын сауалдарға жауап беретін арнайы сайт іске қосылды. Портал «Ұят емес» деп аталады. Атында тұрғандай онда қыздар мен ұлдардың ата-анасына айтуға ұялатын мәселелер жайлы жазылған.

Қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімде келісім шарт бойынша әскери қызметке қабылдау жүргізілуде.

Қазақстан жолдары әлем бойынша ең нашар жолдың бірі болып танылды. Біздің ел осы жағынан жасалған рейтингте 137 мемлекеттің ішінен 2,9 балмен 115-ші орынға тұрақтаған.

Балқашта жерлесіміз, спорт шебері Сүйіндік Ариновты еске алуға арналған дзюдодан республикалық турнир ұйымдастырылды. 140 баланың басын біріктірген дүбірлі дода дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде екі күн бойы өтті.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать