Қазақстанда жасөспірімдерді мазалайтын сауалдарға жауап беретін арнайы сайт іске қосылды. Портал Uyat Emes деп аталады. Атында тұрғандай онда қыздар мен ұлдардың ата-анасына айтуға ұялатын мәселелер жайлы жазылған. Сайт өтпелі кезең, етеккір циклі және кибербуллинг дегеніміз не деген секілді сұрақтарға жауап алатын бес бөлімнен тұрады. Жоба авторы қоғам белсендісі-Қарлығаш Қабатова және оның командасы. Ал сайтты құру идеясы қазақстандық оқушы қыздардың неліктен жүкті болып қалатындығын зерттегеннен кейін туындаған. Анықталғандай жасөспірімдердің жыныстық қатынас жайлы мағұлмат білмеуі көп жағдайда жүктілік пен түсік жасатуға әкеп соқтырған. Ал осындай жағдайлар жылдан-жылға көбеймес үшін, жоба авторлары ұят әрі ыңғайсыз сұрақтарға жауап беріп, жастар арасындағы сексуалдық сауатсыздықты жоймақ ниетте. Сайт психологтардың, дәрігерлердің көмегімен құрылған. Ақпарат 2 тілде берілген.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login