Балқашқа менингитке қарсы вакцина әкелінеді

Қарағанды облысында менингитке қарсы вакцина сатылып алынуда. Алматыда бұл дерттен қазіргі кезде 4 адам көз жұмды. Деседе, екепені бәріне бірдей қабылдау керек деген талап жоқ. Иммунитетін қорғау, қорғамау тұрғындар өз еркінде. Минигитке қарсы епке салу Қарағандыда  емханаларда 1 маусымнан бастап жүргізілмек. 

Қазір еліміз бойынша менингокок инфекциясын жұқтырғандар саны 62 ге жетті. Оның ең көбі Алматыда тіркелген. 29 жағдай. Менингиттен 8адам көз жұмды. Соның төртеуі Алматыда жан тапсырды. Қазіргі таңда дерттің таралуын тоқтату үшін дәрігердер ауруды жұқтырған азаматтармен араласқан адамдардың денсаулығын тексеріп жатыр.

Жандарбек Бекшін Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы

«Қазіргі таңда 2200 адамды медициналық тексерістен өткізудеміз. Оның ішінде 2 азаматтың менингококк инфекциясы анықталса, 3 адамның менингит дертімен ауратындығы белгілі болды. Осындай әдіс арқылы бұл аурудың таралуын тоқтатпақшымыз».

Әзірге Қарағанды облысында бұл сырқатты жұқтырғандар жоқ. Деседе, менингитке қарсы вакцина сатып алу басталды. Балқашта 10нан аса екпеге тапсырыс берген. Әзірше қалаға қашан жеткізілетіні белгісіз. Алайда, оны қабылдау, қабылдамау тұғындардың өз еркінде. Оның үстіне ол ақылы. Бір дозасы 20 мыңнан жоғары тұрады.

Сәуле Қапенова- халықтың денсаулығын қорғау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің жетекшісі

Вакцина жақын күндері еледі деп күтілуде. Өз иммунитетін қорғаймын дегендер болса оны ақылы түрде жасата алады. Иммундау шарасы №1 емханада жүргізіледі.

Дәрігерлердің айтуынша 14 жасқа дейінгі балалар менингит ауруынан қорғалған. Себебі сәбиге 2 ай кейін 4 ай толғанда және 1.5 жасқа келгенде жоспар бойынша пневмакокқа қарсы екпе жасалады екен. Бұл вакцина баланы менингокок инфекциясын жұқтырудан сақтайды.

Сәуле Қапенова- халықтың денсаулығын қорғау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің жетекшісі

«14 жасқа дейінгі балалардың барлығы менингит ауруына қарсы егілген. Негізі бұл вакцинаны Меккеге баратындар еккізеді. Алайда, олар медициналық тексерістен облыста өтетіндіктен біз қалаға екпе жеткізген емеспіз».

Менингит дерті жұқпалы ауру. Оның белгілері 38-40 градус дене температурасы, бас ауыру, әлсіздік, іш пен бұлшық еттің ауруы, жарыққа қарай алмау. Егер ауырған адамдның бойында осындай белгілер пайда болса онда бірден дәрігерге көрінген жөн.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать