1) Балқаштық төтенше жағдай қызметі қала тұрғындарын жалған шақырту жаза екенін ескертеді. Өйткені, соңғы кездері жедел желі балалардың ермегіне айналғандай болып кетті.
2) Балқашта жыл басынан бері 4 баладан қант диабеті анықталған. Ал қала бойынша айықпас дертке шалдыққан бүлдіршіндердің саны 20- дан асады. Биыл алғаш есепке алынған кішкентай науқастар 6 жасқа дейінгі балалар.
3) Ертең шаһарда донор күні өтеді. Облыстық қан орталығының мамандары қаламызға арнайы келмек. Донорларды қабылдау орталық ауруханада таңғы сағат 9:00 дан бастап кешкі 17:00 дейін жүргізіледі.
4) Қарағанды-Балқаш тас жолы жөнделетін болды. Оңтүстік-Орталық көлік дәлізін қалыпқа келтіру жұмыстары аясында жолдарды жөндеу 2020 жылға дейін іске аспақ.
5) Өткен жылы Қазақстанда 400 мыңға жуық бала өмірге келген. Ал Балқашта 1500 ге жуық бүлдіршін дүние есігін ашты. Республика бойынша ұлдар саны артып келеді.
6) Осы орайда №2 Абай атындағы мектеп-лицейінде дарынды балаларды марапаттау рәсімі өтті. Дәстүрге айналған жиында білімде үздік, қоғамдық шараларда белсенді, түрлі олимпиадаларда жеңіске жеткен оқушылар ұлықталды.
7) Жазғы президенттік көпсайыс мәресіне жетті. 2 күнге созылған сынақ кезінде оқушылар ұзындыққа секіріп, пневатикалық қарудан оқ атып, қашықтыққа граната лақтырды.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login