Қазақстандықтар өз ұялы телефондарын ЖСН нөмеріне байланыстырулары қажет. Өйтпеген жағдайда 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тіркелмеген абоненттерге қызмет көрсетілмейді. Қазақстанда мобильді құрылғыларды тіркеуге қою ережесі өзгерді. Биліктегілер тұрғындарға осы жылдың соңына дейін уақыт беріп отыр. Ал ұялы байланыс компаниялары өз тұтынушыларына ескерту жасай бастады. Телефонды бірыңғай базаға енгізу үшін байланыс операторына ЖСН нөмеріңізді жіберу қажет. Әрі қарай мамандар оны IMEI кодқа тіркеп қояды. Әрі мобильді құрылғыны сіздің нөміріңізбен байланыстырады. Яғни басқа симкартамен ол жұмыс жасамайды. Шенеуніктердің пікірінше мұндай тәсіл телефон ұрлау санын азайтуға септігін тигізеді. Мәселен, жәбірленуші полицияға хабарласқан соң, қолды болған құрылғыны бұғаттауға болады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login