Балқашта бір күнде екі саяжай өртенді

Айтып келмейтін тілсіз жау. Бірінші су колонкасының маңында орналасқан «Промбаза» атты саяжай аймағында бірден екі сарай өртенді. Ағаштан тұрғызылған нысан санаулы минутта жанып кетті. Бастысы ешкім зардап шекпеді. Ал қызыл жалын таңғы сағат 5-те басталды. Өрттің тұтанғанын көршілер көріп, мамандарды шақырған. Оқиға орнына 2 арнайы техника мен 8 маман дереу жеткенімен, тілсіз жау бір сарайдан екіншісіне өтіп үлгерген. Қатты тұтанған алаудан екеуінің де төбесі құлап, күл-талқаны шықты. Жалпы өрт санаулы минутта 90 шаршы метрді шарпып үлгерді.

Исламбек Кәрібеков – ТЖБ мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің аға инженері
«Өрт сөндірушілер келгенге дейін саяжай үйінің төбесі ішке құлап түскен. Өрт сөндірушілерді көршілер шақырған.Өрт орнында зардап шеккендер жоқ ».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать