Жол- көлік оқиғасынан үш бойжеткен зардап шекті. Ауыр жарақат алған қыздар қазір орталық ауруханада ем қабылдап жатыр. Оның ішіндегі ең кішісі 15 жаста. Жан сақтау бөлімінде өмірмен арпалысуда. Темір тұлпардың қатысуымен болған оқиға жұма күні Ағыбай батыр көшесінде болды. 15,16 және 17 жастағы үш қыз бала кешкілік уақытта жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өтіп бара жатқан. Сол уақытта оларды Мерседес көлігі келіп қағады. Ауыр соққыдан үшеуі ұшып түсіп, бірден ауруханаға жеткізілді. Бүгінгі күні 16-17 жастағы екі науқас травмотологияда. Денсаулықтары жақсы. Олардың бас миы шайқалғандығы анықталды. Ал 15-жастағы қыз әлі жан сақтау бөлімінде. Жағдайы мүшкіл. Сондықтан қазір кінәлі деген 26 жастағы жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оның көлігі мен құжаттары полицейлерде.
Алмас Қалиашев – жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы
«Жол көлік оқиғасына қатысты қылмыстық кодекстің 345 бабы бойынша іс қозғалды. Бірқатар сараптама жұмыстары тағайындалды. Зардап шеккен қыздардың денсаулықтары жақсарған соң жаза түрі анықталады. Құжаттарды сотқа жіберетін боламыз».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login