Балқаштық құтқарушылар балықшыларға көлдегі қауіпсіздік ережесін еске салды

Балқаштық құтқарушылар балықшыларға көлдегі  қауіпсіздік ережесін еске салды. Қазір мұз жұқарып, кей жерлер жарыла бастаған. Бұл мезгіл балық аулауға өте қауіпті. Былтыр ескертуді ескермеген 3 тұрғын мерт болған еді. Ал мұндай қайғылы оқиғаның алдын алу үшін ТЖ қызметкерлері бүгін рейдке шықты.

Балық аулау Болат Алдожановтың сүйікті ісі. Қола қалт етсе, қармағын алып, көлге келеді. Бүгін ол үшін олжалы күн. Бір сағатта оннан аса балық аулапты. Деседе, қызықтың соңына түсем деп, қауіпсіздікті ұмытуға болмайды. Бүгін құтқарушылар балықшыларға осыны ескертті.

Болат Алдожанов – балықшы

«Қазір көлге шықпас бұрын мұзды тексеріп аламыз. Тек қалың екеніне көз жеткізгенде ғана әрі қарай қозғаламыз. Ал көлікпен мүлде шықпаймыз. Қазір қауіпті кезең.

Қазір мұз әлі де болса қалың, 60см. Алайда, беткі қабаты еріп жатқандықтан транспортпен көлге шығуға тыйым салынады. Тек жаяу жүруге рұқсат.

Дархан Қуанбаев – судан құтқару бөлімшесінің жетекшісі

«Мұз жағаға шыққан кезде мұзға шықаударыңызды сұраймыз бар. Кей балықшылар комбенизон киіп, мұздың жағадан кеткен бетте суды жалдап өтіп, әрі  қарай шығып жатқан жағдайлар болады.

Құтқарушылар мұндай рейд жұмыстарын наурыздың  аяғына дейін жүргізеді. Жақында оларға полиция қызметкерлері қосылады. Тәртіп сақшылары ескертуді елемей, көлге транспортпен шыққандарды  айыппұлмен жазаламақ.

 

 

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать