Автобуста ән салған балқаштық әлеуметтік желінің жұлдызына айналды

Автобуста ән салған балқаштық тұрғынның өнеріне көрермендер ыстық ықыластарын білдіруде. Әлеуметтік желіде жарияланған зейнеткердің видеосы бүгінгі күні үздіктер қатарына ілікті.

8 наурыз.№16 автобус. Көлік жүре бергенде жолаушылардың бірі әйелдер қауымын мерекелерімен құттықтап, ән шырқай бастаған. Оған автобуста отырған қыз-келіншектер мән бермегенімен, таң қалғандарын жасырмады. Қазіргі күні бұл видео youtube желісінде 2500 рет қаралым жинап, елдерге ұнаған.

Осылайша әлеуметтік желінің жұлдызына айналған жан-Александр Самохвалов. 68 жастағы қала тұрғыны – бала кезден шығармашыл.Күніне екі сағатын әнге арнап, дауысын жаттықтырады. Бірақ әрбір жаттығуын сүйікті әні Әлиядан бастайды.

Александр Самохвалов — қала тұрғыны:«Мен 8наурыз күні автобусқа отырдым.Қарасам әйелдердің түрлерінен мерекелік көңіл-күй сезілмейді. Сосын магнитафонды қосып, мейраммен құттықтап екі ән айтып бердім. Басында қыздар қауымы мән бермегенімен, кейін күлімдей бастады».

Өнер -Александр Алексеевичтің өмірлік хоббиі. Ол 40 жыл бойы ет саласында технолог болып қызмет атқарғанымен, музыкадан алыстамаған. Сондықтан қазір зейнетке шықсада қоғамдық мәдени іс- шаралардан шет қалмай, қатысып жүр.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать