Балқаштық кикбоксшылар Қазақстан чемпионатынан жүлдемен оралды

Балқаштық кикбоксшылар жарады. Жерлестеріміз Қазақстан чемпионатында облыс намысын қорғап, жүлделі орындармен оралды. 15-16жас аралығындағы дүбірлі дода Қостанай қаласында өтті. Оған еліміздің бүкіл облысынан 250 спортшы жиналды. Түрлі салмақта 4 күн бойы сынға түсті. Оның ішінде 4 бала Балқаштан барып, екеуі финалға шықты. Бірі-Айбат Нұрланұлы. 1 курс студенті ақтық сында тараздық баламен кездесті. Үшінші раундқа дейін тең түскенімен, соңғы кезеңде аяғына соққы жіберіп алды. Нәтижесінде 2 орын алды және спорт шеберлігіне үміткер атанды. Ал 60 келідегі Қанат Балағанов шымкенттіктен 3:0 есебімен ұтылып қалды. Бірақ қоладан алқа тағып, жүлдемен оралды.

Жомарт Үсен- кикбоксинг спортының бапкері:«Бізде Нұрланұлы Айбат екінші орын алды. Соңғы 10 сек қалған кезде аяқпен өткізіп алып, қарсыласы ұпай жинап алып сол арқылы жеңіске жетті. Сосын Балағанов Қанат үшінші орын алды. Кішкене қиындау болды да қарсыласы жеңіп кетті».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать