Балқаштық каратистер республикалық турнирден 31 медаль олжалап қайтты

Балқаштық каратистер республикалық турнирден 31 медаль олжалап қайтты. Оның 13 алтын болса, 9 күміс, 9 қола. №1 мектеп оқушысы Светлана Филипова бұл жарыста төрт дүркін чемпион атанды. Оған қоса 14 жастағы спортшы  спорт шеберіне үміткер атағына ие болды.

Светлана Филиппова – республикалық турнир чемпионы

«Ең мықты болған қарсыласым Теміртаудыкы. Тез қимылдап, шапшаң қозғалды. Деседе, бапкерімнің айтқанын орындап, жеңіп шықтым.

Алматыда өткен республикалық турнирге еліміздің әр түрлі өңірінен 14 команда жиналған. 5 пен 17 жас аралығындағы каратистер 4 күн бойы үздіктерді анықтады. Жарысқа Балқаштан 22 спортшы барған. Соның 17 жүлделі орыннан көрініп, жеңіспен оралды.

Владимир Сапрыгин –Облыстық карате-до шотокан федерациясының жетекшісі

«Біздің команда өте жақсы нәтиже көрсетті. Бұл дайындықтың жақсы болғанын көрсетеді. Турнирге баруға әкімдік қаржы жағынан көмектесті.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать