Балқашта балалар киімінен улы зат табылды

Балқашта балалар киімінен улы зат табылды. Жейделер мен шалбарлардан, тіпті жаңа туған нәрестенің ит көйлектерінен қауіпті газ-формальдегид анықталған. Бұл тауар түрлері Қырғыз елінен әкелінген. Өткен жылы қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының мамандары бүлдіршіндер киімін сататын дүкендерді аралап, 33 сынама алған. Соның ішіндегі 10 киім-кешекте өндірілген күні, матаның құрамы көрсетілмеген. Тағы үшеуінде адам денсаулығына қауіпті улы зат табылыпты. 14 жасқа дейінгі балалар киетін жейделер мен шалбарлардан тіпті нәрестенің ит көйлегінен формальдегид анықталған. Оған қоса дүкен иесінде тауардың сапасын растайтын сертификат  болмған. Мамандар кәсіпкерге ескерту жасап, 240 мың теңге айыппұл салды. Ал тауар сатылымнан алынып тасталды.

Қарлығаш Жазықбекова-қоғамдық денсаулықты сақтау басқарма жетекшісінің орынбасары

«Формальдегид бұл улы зат. Тыныс алу жолдары мен жүйке жүйесін зақымдайды. Көз, тері ауруларына шалдықтырады. Сондықтан ата-аналарға иісі өткір киімдерді сатып алмауға кеңес береміз.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать