Балқаш Су өткен жылдың соңғы екі айына қайта есептеу жүргізетін болды. Тұрғындар төлеген ақының 80 пайызын қайтармақ ниетте.Ол үшін коммуналдық мекемеге үкіметтен субсидия , яғни қаржы бөлінді. Өткен жылдың қараша айында суық су ақысы 40 теңгеге қымбаттап, халық 1 текше метр үшін 153 теңге төлей бастаған еді. Сол уақытта Балқаш Су «ауыз су құнын субсидиялау» бағдарламасына өтініш берген. Ақша қараша және желтоқсан айларындағы қызмет құнының жартысын төлеуге жұмсалмақ. Қайта есептеу бойынша осы екі ай үшін есептегіш құрылғысы барлар 1 шаршы метр үшін 30 теңге, ал әлі есептегіш орнатпағандар 40 теңге төлейді. Қалғанын үкімет өтейді. Ал халыққа қайтарылатын ақша 6 айға бөлініп, әр ай сайын төлемнен шегеріліп отырады. Қазір Балқаш Су мекемесі 2018 жылға арналған субсидиялау бағдарламасына қатысу үшін тағы өтініш берген.
Сағым Қайнедин – «Балқаш Су» КМК директор орынбасары
«2017 жылдың қараша және желтоқсан айлары үшін қайта есептеу жүргіземіз. Оның қорытындысы бойынша артылған ақшаны 6 айға бөліп, әр ай сайын төленетін сомадан шегеріп отырамыз. Түбіртекте бір көрсетіледі».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login