Балықшылар қауіпсіздік ережесін сақтай ма? Әлде немқұрайлы қарай ма? Бүгін құтқарушылар осы сауалға жауап алу үшін көл үстіне тескресіке шықты. Бұл шара қайғылы жағдайдың алдлын алуға бағытталған.
Қала тұрғыны Николай Ким өзінің бос уақытын көл үстінде өткізеді. 80 жастағы балқаштық аяз бен күн адамның денсаулығы үшін пайдалы деп санайды. Айтуынша, балық аулағанына 50 жыл болған. Бүгін тәжірибелі балықшы құтқарушылардың сауалына тосылмастан жауап берді.
Николай Ким –қала тұрғыны
Көлігімде дәрі қобдишасы бар. Бәрі талапқа сай. Балық аулауға ауа-райына қарап шығамын. Құтқарушылардың ескертуіне де құлақ асамын.
Қазір мұздың қалыңдығы 50-70см. Яғни көліктің салмағын көтере алады. Алайда, құтқарушылар қарайа бастаған мұз үстімен және қамысты жермен жүруге болмайтынан ескертеді. Ондай аймақтардағы қалыңдық жұқа болуы мүмкін. Ал егер ойықтан су атқылай бастаса, ондай жерден дереу алысқа кету керек.
Александр Касьянов – Судан құтқару бөлімшесінің аға құтқарушысы
«Біз мұндай тексерісті күн сайын жүргіземіз. Балықшылардың аты-жөнін жазып алып, қауіпсіздік ережесін сақтауды ескертеміз. Көбінесе үнемі балық аулайтын қала тұрғындары шығады.
Құтқарушылар осы қыста балық аулауға шығып, жарылып кеткен мұз үстінде қалған 5 балықшыны құтқарған. Оқыс оқиғаға тап болғандар, дер кезінде ТЖ қызметіне хабарласып үлгерген.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login