Балқаштықтар Елбасының жолдауын талқылады. Қалалық әкімшілікке мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен студенттер, депутаттар жиналып пікірлерін ортаға салды.
Балқаштағы кеңестік-диагностикалық орталықта колопроктология кабинеті ашылды. Онда орнатылған құрылғылар тік ішек ауруларын ерте кезеңінде емдеуге мүмкіндік береді.
Елімізде ауа сапасын қадағалайтын мобильді қосымша іске қосылды. Енді балқаштықтарда «AirKZ» атты бағдарлама арқылы атмосфераның жағдайын бақылай алады. Ол үшін бар болғаны ұялы телефонға қосымшаны жүктеу қажет.
Атаулы әлеуметтік көмек алам деушілерден құжат қабылдау басталды. Мұндай ақшалай көмекке жағдайы төмен отбасылар жүгіне алады. Басты талап жанұяның табысы отбасындағы әр адамға шаққанда 11471 теңгеден аспауы қажет.
«Крещение» мерекесінде суға түсетін орын анықталды. Биыл балқаштық православ дін өкілдері 19 қаңтар күні қалалық кемежай маңына барып, суға шомыла алады. Ол үшін мамандар мұзды ойып, арнайы орын дайындамақ. Және сақтық шараларын қадағалайтын болады.
Қаланың бас шыршасы бұзылды. Бұл жұмысқа Горкомхоз мекемесінен 20 адам және 2 техника жұмылдырылды. 10 бөліктен тұратын жаңа жыл нышанынын жинауға 4 сағат уақыт жұмсалды.
Жерлесіміз Геннадий Головкин Қарағанды облысының «Құрметті азаматы» атағын иеленді. Орта салмақта жеңіліп көрмеген кәсіпқой боксшыға марапатты облыс әкімі Ерлан Қошанов табыс етті.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login