«Крещение» мерекесінде суға түсетін орын анықталды. Биыл балқаштық православ дін өкілдері 19 қаңтар күні қалалық кемежай маңына барып, суға шомыла алады. Ол үшін мамандар мұзды ойып, арнайы орын дайындамақ. Және сақтық шараларын қадағалайды.
Дәстүрге айналған діни рәсім әдеттегіндей қалалық жағалаудың қасында кемелер тоқтайтын жерде жүргізілмек. Онда 18 қаңтар күні купель орнатылады. Яғни ұзындығы 2 метр болатындай ойық жасалады. Алайда, былтыр мұздың қалыңдығы 47 см құраса, биыл бар-жоғы 36 см.Сондықтан көл бетіне топ болып шығуға тыйым салынбақ.
Дархан Қуанбаев- судан құтқару бөлімінің басшысы
« Осы жылы Крещение мерекесі 19 қаңтар күні сағат 11-ден түңгі 24.00 дейін болады.Қала тұрғындарына дамба маңына купель орнатылады. Ол жерде барлық қауіпсіздік шаралары қамтылады. Ішімдік ішкен адамдарды суға түсірмейміз.
Қаңтардың қақ ортасына келіп тұрған діни мерекеде ауа температурасы жылы бола қоймасы анық. Сондықтан мамандар тиісті сақтық шараларын қолға алған дұрыс.7 жасқа дейінгі балаларды суға түсірмей,денсаулығы нашар тұрғындардың көлге келмегені жөн дейді дәрігерлер.
Бағдат Абжанова- судан құтқару бөлімінің медбикесі
«Былтыр Крещение күні бір еркектің эпилепсия ауруы ұстап, құлап қалған болатын. Сол себептен жүрек ,қан-тамыр дерттеріне шалдыққандар, өкпе-бауырлары сырқаты бар адамдар суға түспесін деп кеңес береміз.Өйткені, оның арты жаман болуы мүмкін» .
Ал балқаштықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаңтардың 18-19 күндері 10 шақты құтқарушы мен полиция қызметкерлері, жедел жәрдем бөлімі күшейтілген режимде жұмыс істейді.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login