Кеше Президент Н. Н Қазақстан халқына кезекті жолдауын арнады. Бұл Елбасының егеменді ел болғалы бергі 22 үндеуі. Онда 10 бағытқа басымдылық берілген.
Балқашта 2 жастағы бала А геппатитін жұқтырды. Дәрігерлер бүлдіршіннің инфекциялық дертке шалдығыуына ата-анасын кінәләп отыр. Себебі анасы вакцинадан бас тартқан. Қазір боткинаға ұшыраған кішкентай науқас ауруханада ем қабылдауда.
Шашубай кентіндегі орта мектепте робототехника кабинеті ашылды. Енді оқушылар техника ғылымының құпияларымен танысып, өз туындыларын жасауға мүмкіндіктері бар.
Түрікменстан елінде әйелдерге көлік жүргізуге тыйым салынды.Ол жақтың басшысы өткен жылдың желтоқсан айында жарлыққа қол қойып, нәзік жандардың құжаттарын тартып алуға бұйырды. Өйткені, санақ бойынша жол апаттарының көбісі қыз-келіншектердің қатысуымен орын алатын көрінеді.
Сұлулар кезекті рет сынға түспек. 28 қаңтар күні шаһарда «Балқаш аруы-2018» байқауы өтеді. Үміткерлерден өтініштер қабылдау бүгіннен басталды. Алайда, сұлулық байқауына қатысу үшін қыздар бірнеше талаптарға сай болуы керек.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login