Балқаш жаңалықтары 21 желтоқсан

Қала ішінде көлік өртке оранды. Жеңіл тұлпар жүріп келе жатып жанып кете жаздады. Бірақ, абырой болғанда оны жүргізуші дер кезінде байқап қалды.Қожайын дереу Мир көшесінің бойына тоқтап, жалынды өз күшімен сөндіруге тырысты.Оны көрген тұрғындар өрт сөндірушілерді шақырған.

2018 жылы Балқаш қаласының дамуына 10 млрд-тан астам қаржы жұмсалады. Бүгін әкімдікте қалалық маслихаттың XVI сессиясы өтті. Онда 2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджет бекітілді. Енді толығырақ айта кетсек, бір де бір баяндама қазақша оқылмаған жиында келер жылдың шығыны 10 млрд 136 млн теңгені құрағаны анықталды. Оның тең жартысы яғни 4 млрд 400 млн теңгесі білім беру саласына бөлінеді.

Қала көшелерінде қоқысқа арналған жәшіктер қаптап кетті. Барлығы жаңадан салынған тротуарлар маңына орнатылған. Алайда кейбірінің арасы жиілеп кеткен. Әр 10 метр сайын қойылған. Алайда басқа көшелерде қоқыс жәшіктері жоқтың қасы.

Орталық алаңға тұрғызылған сырғанақ көпшілік арасында дау тудырды. Өйткені, әлеуметтік желі қолданушылары екі төбешікті пайдалану ақылы. Бір сағатқа 500 теңге төлеу керек екен деп ашулы. Осы істің мән-жайын бізде бүгін біліп қайттық.

Балқаштық ұстаздар ойша есептеуді үйренуде. Қаламызға Қарағанды облысынан «Білген» интеллектуалдық мектебінен мамандар келді. Олар математика пәнінің мұғалімдеріне менталды арифметикадан сабақ беруде. Әр мектептен бір-бір ұстаздан шақырылған. Оқытушылар абакус есепшотын көзге елестете отыра, ойша есептеуді тегін үйренеді.

Әйнек бетіне құммен сурет салу әдемі екені сөзсіз. Оны бүгін «Ботажан» сауықтыру орталығының балалары үйренді. Мүмкіндігі шектеулі балғындар көркем өнердің сырымен танысты.

Мерекелік көңіл-күй! Қарағанды көшелерін Аяз ата мен Ақшақар тазалауда. Қалалық коммуналшылар осылайша ертегі кейіпкерлеріне айналып, өз жұмыстарын кіріскен.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture